«    Апрель 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Новости:Информация о фестивале «Открытое сердце»

09.10.2015

 

          2015 жылы 23 қыркүйекте Көкшетау қаласында, Әуезов көшесі 163-   ғимаратындағы «Әдебиет  және  өнер мұражайында »  «Мейірімді жүрек» атты балалар  және жастар шығармашылығының аймақтық фестивалі болып  өтті.

Фестиваль 7 номинация бойынша өткізілді, Бурабай ауданы шетте   қалып қоймай  4 номинация бойынша қатысты.

 1.Көркем сөз.

Верещинский  Анатолий  Антонович - 1999  жылы 26 қазанда туған. Савинка ауылы. Авторлық  шығармасы - «Откровение »  өлеңі.

 2.Вокал:

       Танаткан Баян Жумағұлқызы - 2004 жылы 10 шілдеде туған. Щучинск қаласы. « Қазак елі осындай» әні.

 3.Сәндік- қолданбалы өнер.

      1.Красикова София  Николаевна - 2005 жылы 22 тамызда туған. Щучинск қаласы. Тұзды қамырдан жасалған жұмыстары, квилинг элементтері бар  ұсақ- түйектер, модулдік оригами.

       2.Данчев  Андрей Олегович - 1999 жылы, 11 қарашада туған. Щучинск қаласы. Саздан, маржаннан  жасалған  жұмыстары, дәстүрлі емес материалдан мүсін илеу.

4.Хореография:

«Ромашка» биімен 2004 жылы 05 қыркүйекте туған апалы- сіңлілі Рудикова Анна және  Рудикова  Алина екеуі,   Щучинск қаласы, қатысты.

   Фестивальға  қатысушылар гала концертте өнер көрсетті, көрермендер қатысушыларды жылы қарсы алғандығы сондай,  залда бос орындар  болған жоқ.

    Фестиваль ұйымдастырушылары ешкімді назардан тыс  қалдырған жоқ. Өзі шығарған өлеңі үшін Анатолий Верещинскийге планшет сыйға тартылды, өз елі туралы әнді орындағаны  үшін  Баян Танатканға      ойыншық және планшет сыйға тартылды, «Ромашка» ерекше  биі үшін апалы-сіңлілі Рудиковаларға портативтік аудио жүйесі, әр түрлі материалдардан жасалған қолөнері үшін Андрей Данчевқа және София Красиковаға планшет, портативтік аудио жүйесі  табыс етілді.

Әлеуметтік қызметкерлер  Кайдарова Рауия Барлыбайқызына, Иванова Елена Викторовнаға, Леоненко Светлана Андреевнаға, Арман МТОТЖО қарасты «Надежда» үйірмесінің  оқытушысы Никитина Наталья Иосифовнаға, Бурабай  ауданы  мектеп-интернатының хореография сабақ беретін  Чайка Ирина Николаевнаға  қамқорлығындағы балалардың фестивальға  дайындалуына белсене қатысқаны үшін  үлкен рахмет айтамыз. Конкурс сапарын  көлікпен қамтамасыз еткені үшін Арман МТОТЖО басшысы  Айгүл Айтжанқызы Тургужинаға алғысымызды білдіреміз.

 

Әлеуметтік  жұмыс  бойынша кеңесші: Кабдуллина А.З.

 

 

 

 
ГУ "Отдел занятости, социальных
программ и регистрации актов
гражданского состояния Бурабайского района"
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: Акмолинская область, Бурабайский район, г.Щучинск, ул.8 Марта, 24
ТЕЛЕФОН/ФАКС: 8 (71636) 22899
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: soczachita@bk.ru