«    Апрель 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Новости:«Үздік әлеуметтік жобалар» конкурсына қатысыңыздар!

31.05.2019

Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі аудандық «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» конкурсына қатысуды сұрайды.
Конкурсқа қатысушылар Қазақстан Республикасының аумағында бастамашыл әлеуметтік жобаларды іске асырушы жеке тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер, бастауыш партия және басқа да коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.
Конкурс 5 бағыт бойынша өткізіледі:
 әлеуметтік проблемалардың шешімдерін ақпараттық жылжыту;
 әлеуметтік саладағы еріктілер қозғалысын дамыту;
 бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;
 мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу;
 қиын өмірлік жағдайларды жеңуге көмек көрсету (адам саудасының, тұрмыстық зорлық құрбандары, үйсіздік және түрмеден босатылғандар және т.б.).
Конкурсқа қатысу үшін өтінім қазақ және/немесе орыс тілдерінде қағаз және электронды жеткізгіште аудандар мен қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне, немесе «Nur Otan» партиясының «Қоғамдық бастама» - www.qolda.nurotan.kz интернет-ресурсы арқылы беріледі.
Ұсынылатын мәліметтерге қойылатын талаптар:
 ұсынылған презентациялық материалдарды қазақ және орыс тілдерінде (логотипімен жобаның паспорты, жоба авторына аннотация) сапалы рәсімдеу;
 Техникалық талаптарға сәйкес презентация ұзақтығы 3 минутқа дейінгі бейнеролик әзірлеу.
1. Бөлімдерде өтінім қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын конкурс туралы ақпараттық хабарламаларда көрсетілген мерзімнен үш жұмыс күні бұрын тоқтатылады.
2. Қатысушыларға жазбаша немесе электронды нысанда жобаның құжаттар пакеті қабылданғаны туралы хабарлама беріледі.
3. Өткен конкурстың республикалық кезеңіне қатысқан жобалар, сондай-ақ іске асыру мерзімі бір жылдан аз жобалар конкурсқа қатыстырылмайды.
4. Конкурс талаптарының сақталуын бақылау мақсатында Портал арқылы ұсынылған өтінімдерді конкурс ұйымдастырушылары жоба авторымен келісе отырып өңдейді және редакциялайды.
Қатысуға өтінімдер 2019 жылдың 15 маусымға дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Щучинск қ. 8-Наурыз көшесі, 24, № 7 кабинет.
4-35-36 телефоны.

 
ГУ "Отдел занятости, социальных
программ и регистрации актов
гражданского состояния Бурабайского района"
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: Акмолинская область, Бурабайский район, г.Щучинск, ул.8 Марта, 24
ТЕЛЕФОН/ФАКС: 8 (71636) 22899
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: soczachita@bk.ru