«    Апрель 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Новости:Выражаем благодарность

16.05.2018

 

 

 

Мамырдың 13-жұлдызында жексенбі күні Бурабай аудандық мешітінің ұйымдастыруымен өткен «Қош келдің, Рамазан!» қайырымдылық іс-шарасына үйде әлеуметтік қызмет көрсететін балалардың 18 жастан асқандары 25 бала ата-аналарымен бірге орталық стадионда болды.

Ауа-райы өзгеріп, салқындық танытқанымен жиналған халықтың қарасы көп болды. Салтанатты ашылу рәсімі өткеннен кейін концерттік бағдарлама жалғасын тапты. Балалар арнайы құрылған киіз үйде жайылған дастархан мәзірінен дәм татты. Көпшіліктің көңілінен шыққан іс-шарада алтыбақан құрылып, батутта балалар еркін ойнап, дем алуларына мүмкіндік алды.

Ұлттық ойындар асық ату, арқан тартыс, кір тасын көтеру, ауыр салмақта қойды көтеру, күрес ойындары жиналған қауымның көңілдерінен шығып, мерейін үстем етті. Түрлі спорттық жарыстардың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар естелік сый-сияпаттармен марапатталды, ұтыс билеті ойнатылды.

Қасиетті айда бұқара халықтың бастарын біріктіріп, көпшіліктің ықыласына бөленген Бурабай аудандық мешітінің бас имамы мен ұжымына  ерекше алғысымызды білдіреміз.

 

 

 

 

 

 
ГУ "Отдел занятости, социальных
программ и регистрации актов
гражданского состояния Бурабайского района"
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: Акмолинская область, Бурабайский район, г.Щучинск, ул.8 Марта, 24
ТЕЛЕФОН/ФАКС: 8 (71636) 22899
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: soczachita@bk.ru